Еурокомиссия Венгрияның ҮЕҰ туралы заңына наразы

«Біз ҮЕҰ туралы жаңа заңды мұқият қарап шықтық және ол ЕО заңнамасына сәйкес келмейді деген тұжырымдама шығардық», - деді ЕО бірінші вице-президенті Франс Тиммерманс.
Брюссель «мажарстандық үкіметтің бұл мәселені ертерек шешуі үшін диалогты бастауын» күтіп отыр. «Бір ай ішінде венгриялық биліктің жауабын күтеміз», - деп толықтырды ол.
Еурокомиссияның пікірінше, бұл заң «негізгі құқықтарға заңсыз түрде араласады» және «капиталдың еркін қозғалысына қатысты негізсіз және қисынсыз шектеулер қояды».
«Сондай-ақ, заң жеке өмір мен жеке деректерді қорғау құқығын да сақтауға қатысты алаң туғызып отыр. Заң тараптар арасындағы ашықтықты және донорлар мен ақша алушылардың өзінің жеке деректерін қорғау құқығымен қамтамасыз етпейді.
Жаңа заң талабына венгриялық билікке транзакциялар сомасы мен кейін жариялануы тиіс донорлар туралы толық ақпарат жатады.
Атап өткен жөн, шет елден қаржыландырылатын, ҮЕҰ үстінен мемлекеттік бақылауды күшейтетін жаңа заңды Венгрия үкіметі 13 маусым күні қабылдаған еді.