Еурокомиссия вице-президенті Қырғызстанға барады

БІШКЕК. KAZINFORM - Бүгін Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас Қырғызстанға келеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 

 Маргаритис Схинас
Фото: kg.akipress.org

Сапар аясында Маргаритис Схинас Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен және елдің министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен кездеседі.

Бұдан басқа, ол Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер өткізіп, оның барысында тараптар қырғыз-еуропалық қарым-қатынас мәселелерін талқылайды, сондай-ақ аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Соңғы жаңалықтар