Еурокомиссияның төрағасы мен Украина Президенті Брюссельде украиндық дағдарысты талқылайды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу 30 тамызда Брюссельде Украина Президенті Петр Порошенкомен екіжақты кездесу өткізеді, деп хабарлады ЕК баспасөз қызметінен.
None
None

«Кездесу мақсаты - Украинадағы жағдайды, елдегі соңғы оқиғаларды, алдағы сайлау, сондай-ақ ЕО қолдауын талқылау», - деп атап өтілді Еурокомиссия хабарламасында.

30 тамызда Еуроодақ мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының кезектен тыс саммиті жоспарланғанын атап өткен жөн. Онда Украинадағы дағдарысты, Киев пен Брюссель қауымдастығы туралы келісімді ратификациялауға байланысты жағдайлар талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар