Еурокомиссияның төрағасы жаңа құрамды қалыптастырды

БРЮССЕЛЬ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Келесі бес жылға қайта сайланған Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу өткен жұма күні Еурокомиссияның жаңа құрамы сайланғанын жариялады.

Еурокомиссияның төрағасы жаңа құрамды қалыптастырды

 Еурокомиссия комиссарлары алқасының құрамына Лиссабон келісімінің Еуроодаққа келуімен өзгерістер енгізіледі.

 Британдық, баронесса Кэтрин Эштон Еуроодақтың қарашаның 19-да өткен кезектен тыс саммитінде халықаралық істер және қауіпсіздік бойынша жоғары өкілі (СІМ басшысы) лауазымына тағайындалды және Еурокомиссия басшысының бірінші орынбасары болады. Сонымен қатар, бірқатар жаңа лауазымдар, атап айтқанда климатты қорғау бойынша еурокомиссар енгізілді.