Еуроның биржадағы бағамы 80 рубльден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу биржасында соңғы бірнеше айда алғаш рет еуроның курсы 80 рубльден асты. Қазір еуроның шекті бағасы 80,019 рубльді көрсетіп тұр.
None
None

Ең соңғы рет еуро құны 2015 жылдың 26 тамызында көтерілген екен.

Сейсенбі күні доллар бағасы да 72,85 рубльге жетіп, дүйсенбі күнгі бағасынан 62,5 тиынға өскен. Доллардың рубльге шаққандағы бұл бағасы 2015 жылдағы ең қымбат баға ретінде тіркеліп отыр. Ең соңғы рет доллар 2014 жылдың 16 желтоқсанында 80,1 рубльге жеткен болатын.

«Жаңа жылдағы демалыс қарсаңында Ресей рубльнің долларға шаққандағы құны жаңа рекорд орнатты. Дәл қазір валюта нарығындағы бағалар өте төмен», - дейді «КИТ Финанс Брокер»-дің сарапшысы Анна Устинова. Бұл туралы РБК сайты жазып отыр.

Соңғы жаңалықтар