Еуроодақ елдерінің арасында ең төменгі қарттық зейнетақы Болгария, Румыния, Литва елдерінде төленеді

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Шығыс және Орталық Еуропадағы ең төменгі қарттық зейнетақысы Литвада төленеді,

Еуроодақ елдерінің арасында ең төменгі қарттық зейнетақы  Болгария,  Румыния,  Литва елдерінде   төленеді

деп хабарлайды Литваның Инвестициялық және зейнетақы қорлары қауымдастығы.

Қазіргі таңда Литвада мұндай орташа зейнетақы - 222 еуроны құраса, Польшада - 432 еуроны, Чехияда - 409 еуроны, Словакияда - 350 еуроны, Латвияда - 304 еуроны, Эстонияда - 232 еуроны құрайды.

Литвалық зейнеткерлерден де төмен зейнетақы алатындар румындар мен болгарлар екен. Ол елдердегі зейнетақы сәйкесінше, 175 және 125 еуроны құрайды.