Еуроодақ Кениядағы лаңкестікке қатысты пікірін жариялады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Кения халқы тағы бір мәрте экстремистік зорлық-зомбылық әрекеттен жапа шекті. Бұл туралы Еуроодақтың шетелдік істер мен қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы төрайымы Федерика Могерини жұма күні мәлім етті.
None
None

«ЕО туыстары қаза тапқан жанұяларға көңіл айтып, зорлық-зомбылықтан жапа шеккендердің қайғысына ортақтасады», - деді Могерини.

Еуропалық дипломатия басшысының сөзіне қарағанда, кениялық Гарисса қаласында 147 студенттің өмірін қию арқылы лаңкестер түрлі конфессиялар арасында дау тудыру мақсатымен білім беру жүйесіне, елдің экономикалық және мәдени дамуына, тұрақтылығына кедергі келтіруге ниетті екендерін көрсетті.

«ЕО Кения үкіметі мен халқына лаңкестік қаупінен арылуға көмектесетінін растайды», - деп түйді Могерини. Еске сала кетейік, 2 сәуірде «Аш-Шабаб» исламистік тобы Кенияның Гарисса қаласындағы университеттік кешенге шабуыл жасады. Салдарынан 147 адам қаза тауып, тағы 79 адам түрлі жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар