Еуроодақ Мажарстанның кесірінен өзінің негізгі қағидасынан бас тартуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Еуроодақ шешім қабылдауда қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Bloomberg хабарлайды. 

Еуроодақ Мажарстанның кесірінен өзінің негізгі қағидасынан бас тартуы мүмкін
Фото: Pixabay.com

Еуроодақ сыртқы саяси шешімдерде бірауыздылық ережесінің орнына көпшілік дауыс беру тәртібін енгізуді қарастырып жатыр. Бұл Мажарстанның Украинаға қатысты барлық шешімге вето қою мәселесін шешуге бағытталған.

Басылым ЕО-ға мүше елдер арасында тараған және журналистердің шолуынан өткен құжатқа сүйенген. Құжатта Одақтың сыртқы саяси шешімдерді қабылдау тәртібін бірауыздан көпшілік дауыс беруге өзгерту мүмкіндіктері көрсетілген. Мұндай өзгеріс Еуропалық Одаққа белгілі бір мәселелер бойынша жылдам әрі батыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ кейбір елдерді маңызды шешімдерге вето қою құқығынан айырады.

Еуроодақ елдері арасында Венгрияның әрекетіне наразылық артып бара жатыр. Будапешт Еуроодақтың Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарын айыптайтын бірлескен мәлімдемесіне қол қоюдан бас тартты. Бұған қоса, Венгрия Ресейдің тыйым салынған активтерінен пайыздарды Украинаға беруді қарастыратын шешім жобасына тосқауыл қоюға тырысып жатыр.

Еске сала кетейік, Еуроодақ 12 қазаннан бастап елге кіру ережелерін өзгертеді.

Соңғы жаңалықтар