Еуроодақ Сербиямен, бұрынғы югославиялық республикалар Македониямен және Черногориямен визалық режимді алып тастайды
БРЮССЕЛЬ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Дүйсенбі, қарашаның 30-ында Еуропалық одақтың Ішкі істер министрлер кеңесі шешім қабылдады.
Ол бойынша желтоқсанның 19-ынан бастап Сербиямен, бұрынғы югославиялық республикалар Македониямен және Черногориямен визалық режим алынып тасталады. Бұдан былай осы елдердің азаматтары Шенген аймағына кіретін барлық елдерге визасыз еркін жүріп- тұрады.
Осымен байланысты, Еурокомиссияның вице-президенті Жак Барро үш мемлекеттің азаматтарының икемді жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін бұл шешімнің саяси маңызын атап көрсетті. Визалық режимді алып тастау тараптар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға жәрдемдеседі және ынтымақтастық үшін жаңа дәуір ашады деп есептейді ол.
Визалық режим Шенген аймағы аумағында күші бар биометриялық төлқұжаттары бар адамдардың барлығына бірдей ортақ.