Еуроодақтың ең қылмысты астанасы анықталды

Онда әрбір 100 мың адамға шаққандағы қылмыстар саны бағаланды. Оның нәтижесі бойынша Литваның астанасы - Вильнюс 100 мың адамға есептегенде 7,9 оқиғамен бірінші орынға шқты.
Екінші орында - Таллин (6,03 оқиға) тұр. Үшінші орында - Люксембург Герцогтігінің (4,24 оқиға) осы аттас астанасы. Бұдан кейін - Амстердам (3,65 оқиға), бұл орайдағы бестікті - 3,09 оқиғамен Брюссель тұйықтайды. Берлин 27 қаланың ішінде 11-орында орналасқан. Германия астанасында кісі өлтірушілер қолынан 100 адамға шаққанда жылына бір-екі адам көз жұмады.
Хельсинки 1,76 кісі өлтіру көрсеткішімен 13 орынға ие болып отыр. Еуроодақтың ең қауіпсіз астаналары болып саналатын миллионнан астам халқы бар Мадридте, Римде және Венада да осындай жағдай. Ал Люблян мен Лиссабонда жыл сайын 200 мың адамның біреуі ғана кісі қолынан қаза табатын көрінеді.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ең қауіпсіз астана малтийлік Валлета қаласы болып шықты, мұнда соңғы бірнеше жылдар бойы бірде-бір қасақана кісі өлтіру немесе қастандық болмаған.
Әлемнің басқа елдерінің астаналарымен салыстырғанда, Еуропаның басты қалаларын қауіпсіздік аралдары деп айтуға болады. Мәселен Каракаста жыл сайын 100 мың адамға шаққанда 130-ға жуық адам кісі қолынан көз жұмады екен. Екінші орында - оңтүстікафрикандық Кейптаун тұр. Мұнда 100 мың адамның 60-ы жыл сайын кісі қолынан өмірден озады. Қауіпті қалалар үштігін жылына 55 адам өлтірілетін Жаңа Гвинея-Папуаның басты қаласы қаласы - Морсби тұйықтайды.