Еуроодақтың кезектен тыс саммитінде оның тұңғыш президентінің кандидатурасы анықталады
БРЮССЕЛЬ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Еуроодаққа төрағалық етуші Швецияның премьер-министрі Фредрик Рейнфелдт өзінің еуропалық әріптестерімен консультациялар өткізгеннен кейін қарашаның 19-ында жоғары деңгейдегі кезектен тыс саммитті шақырады.
Швед премьері форумның кезінде оның қатысушыларына Еуроодақтың тұңғыш президентін және сыртқы саясат ведомствосының басшысын сайлауға мүмкіндік туады деп үміттенеді.
Бұл екі лауазым Лиссабон шартында белгіленген болатын, ол таяу арада күшіне енуі тиіс.