Еуропа-2016 мәдени астаналары Польша мен Испанияда

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 2016 жыл басталуымен польшалық Вроцлав және испандық Сан-Себастьян Еуропаның мәдени астаналары атанды. Бұл туралы дүйсенбі күні Еуропа комиссиясы таратқан коммюникеде айтылған.
None
None

Бұл қалалардың әрқайсысында мәдени бағдарламалар ауқымында еуропалық мәдениеттің байлығы мен әртүрлілігін бейнелейтін көптеген шаралар - жүзден астам концерттер, көрмелер мен шоу өтеді.

«Еуропаның мәдени астаналары мәртебесі қалалардың ортақ сезімдерін паш етеді және қалалар экономикалары мен азаматтары үшін ұзақмерзімді пайда әкеледі. Мен Вроцлавқа және Сан-Себастьянға өздерінің мәдени бағдарламаларын көрсетуде табыстар тілеймін», - деген Білім, мәдениет, жастар және спорт жөніндегі еурокомиссар Тибора Наврачичтің сөздері келтірілген.

Вроцлавтың мәдени бағдарламасының ашылу рәсімі 15-17 қаңтарда өтеді. Бұл Краковтен кейін осындай жауапты миссияны алған поляк тарихындағы екінші қала. Үш күндік шараның басты элементі қала орталығындағы салтанатты шеру болмақ.

Сан-Себастьян Еуропаның мәдени астанасы атағына кірісуін 20 қаңтарға белгіленген бес күндік бағдарламамен атап өтеді, ол дәстүрлі Тамборрада мерекесімен айшықталады.

Еске сала кетейік, 1985 жылдан бері Еуропа өзінің мәдени астанасын таңдайды: біреуі «ескі» ЕО-дан, екіншісі - «жаңа» Еуроодақтан. Эстафетаны Афины бастаған болатын, өткен жылы еуропалық мәдени астаналар бельгиялық Монс пен чехтың Пльзень қалалары болды.

Соңғы жаңалықтар