17:50, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Еуропа Кубогында ШҚО өрт сөндірушісі жүлделі орынға ие болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Серебрянск қаласындағы №19 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дмитрий Бармашов Франция, Италия және Австриядағы фристайл бойынша могулдан Еуропа Кубогына қатысты.

Спорттық жарыстар шамамен бір айға дейін созылды. Әр кезең 200 метр мен 2 трамплиннен тұрды. Мұнда спортшылардың жүру және секіру техникасы, жылдамдығы бағаланды
Жеке могулда Дмитрий Бармашов екінші, жұптық могулда бірінші орынға ие болды. Алдағы уақытта Еуропа Кубогы Санкт-Петербор, Финляндия және Швецияда жалғасады. Дмитрий Бармашов оларға да қатысады, деп хабарлады ведомствода.