Еуропада 2009 жылғы ең өтімді автомобиль аталды
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - 2009 жылдың қорытындысы бойынша Еуропадағы ең өтімді автомобиль Volkswagen Golf болды. Еуропалықтар 12 ай ішінде осы үлгідегі 571 мың 838 мәшинені сатып алды, ол 2008 жылға қарағанда 23,9 пайызға артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
JATO Dynamics сараптама компаниясы әзірлеген рейтингте екінші орынды Ford Fiesta иеленді: 2009 жылы бұл үлгіге деген сұраныс 44 пайызға - 472 мың 91 автомобильге өсті. Үшінші орынға Peugeot 207 (367,1 мың мәшине) жайғасты - сату 9,7 пайызға төмендеген.