Еуропада 2026 жылы ең арзан демалыс қай елде
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылы Түркия Еуропадағы танымал туристік бағыттардың ішінде ең қолжетімді ел атанды. Ал қонақүй мен қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы бойынша Португалия ең тиімді бағыт болып шықты, деп хабарлайды Euronews.
Сарапшылар Еуропадағы жеті танымал туристік елдегі демалыс құнын салыстырған. Зерттеу барысында Еуростаттың ұлттық баға индекстері пайдаланылды. Олар елдердегі тауарлар мен қызметтердің орташа бағасын көрсетеді. Алайда мамандар танымал курорттардағы бағалар ел бойынша орташа көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін екенін атап өтті.
Мәселен, Афинадағы және Кос аралындағы қонақүй бағасы айтарлықтай ерекшеленгенімен, есептеу кезінде екеуі де Грекияның орташа көрсеткішіне енгізілген.
Бағалауда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының (HFCE) индексі қолданылды. Егер Еуроодақтағы орташа тұтыну себетінің құны 100 еуро деп алынса, онда:
-
Түркия – 59,6 еуро;
-
Хорватия – 78,4 еуро;
-
Португалия – 86,6 еуро;
-
Грекия – 87,4 еуро;
-
Испания – 91,6 еуро;
-
Италия – 97,1 еуро;
-
Франция – 100,3 еуро.
Зерттеу нәтижесі бойынша Түркиядағы бағалар Еуроодақтағы орташа деңгейден шамамен 40%-ға төмен болса, Франция ең қымбат бағыт атанды.
Сарапшылар қонақүйде тұру мен қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасын да жеке салыстырған.
– Бұл санат бойынша ең жоғары көрсеткіш Францияда тіркелді – 116. Одан кейін Италия – 110,8. Ал ең қолжетімді бағыт ретінде Португалия танылды. Мұнда қонақүй мен мейрамхана қызметтерінің индексі 73,6 болып, Еуроодақтағы орташа деңгейден 26,4%-ға төмен болды, – делінген зерттеуде.
Айта кетейік, аптап ыстықтан Франциядағы туристік нысандардың жұмыс уақыты қысқарды.