Еуропада алкогольден жыл сайын шамамен 800 мың адам көз жұмады — ДСҰ

АСТАНА. KAZINFORM —  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, Еуропада алкоголь тұтыну салдарынан жыл сайын шамамен 800 мың адам көз жұмады, деп хабарлайды DW.

Алкоголь водка напитки арақ  сусындар
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

ДДСҰ-ның 2019 жылға қатысты нақтыланған деректеріне сәйкес, Еуропа аймағында жарақаттан көз жұмғандардың шамамен 145 мыңы ішімдікпен байланысты.

Көбіне бұл мас күйінде жол апатына ұшыраған, не болмаса ішімдік ішіп жарақат алған. 

Сондай-ақ 2019 жылы Еуропада тіркелген 26,5 мың өлім «адамдар арасындағы зорлық-зомбылық» салдарынан болған, ал бұл санаттағы жағдайлардың 40 пайыздан астамы ішімдікке қатысы болған.

Еуропалық өңір алкоголь тұтыну деңгейі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Осы мәселеге жауап ретінде ДСҰ Еуропа елдеріне алкогольдік ішімдіктерге салынатын салық пен бағаны көтеруді, алкоголь сату уақытына, күндеріне және орындарына шектеу қоюды, сондай-ақ спирттік ішімдіктердің жарнамасына тыйым салуды немесе шектеуді ұсынады. 

Айта кетелік Ресейде энергетикалық сусын мен алкогольді онлайн сату тәжірибесі тоқтауы мүмкін екенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар