Еуропада қардың қалың жаууынан және аяздан 19 адам мерт болды

АСТАНА. Желтоқсанның 22-і. ҚазАқпарат - Еуропада қардың қалың жаууынан және температураның төмендеуінен 19 адам үсіп өлді,

Еуропада қардың қалың жаууынан және аяздан 19 адам мерт болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.

Мерт болғандардың басым бөлігі Польшаның үлесіне тиеді - мұнда кемінде 15 адам аяздың құрбаны болды. Құрбан болғандардың басым бөлігін үй-жайсыз адамдар, сондай-ақ алкогольді ішімдікке салынғандар құрайды. Қардың қалың түсуі салдарынан болған жол-көлік оқиғасы да адам өліміне әкеп соғуда.