Еуропада ұшу уақыты небәрі 10 минуттық әуе рейсі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австриялық FlyNiki әуе компаниясы Венадан Братиславаға ұшатын, уақыты небәрі 10 минутқа созылатын әуе рейсін ашады, деп хабарлайды lenta.ru.
None
None

Бұл бағыт бойынша алғашқы сапар 2 сәуірге жоспарланып отыр. Рейске билеттерді FlyNiki әуе жүгін тасымалдаушы компаниясының сайты арқылы 29 евроға алуға болады.

Австрия мен Словакия астаналарының ара қашықтығы 80 шақырым шамасында.

Еске сала кетсек, ең қысқа әуе рейсі Ұлыбританияның солтүстігіндегі Вестрей мен Папа Вестрей аралдары арасындағы ұшу уақыты небәрі 47 секундқа созылатын бағыт.

Соңғы жаңалықтар