Еуропада жаңа террористік шабуыл болуы мүмкін - арнайы қызмет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның федералды барлау қызметі Еуропада жаңа террористік шабуыл қаупі бар екендігін ескертті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
None
None

Арнайы қызмет баяндамасында «Швейцарияда террористтік қауіп жоғары деңгейде қалып отыр»,- деп көрсетілген.

Ведомствоның ескертуінше, «Еуропада, соның ішінде Швейцарияда террористік қауіп негізінен жихадшы-лаңкестер тарапынан төніп тұр. Жаңа шабуылдар да күтуге болады».

 

Соңғы жаңалықтар