Еуропада жанартау атқылауына байланысты 5000 әуе рейсі кейінге қалдырылған

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Атлантика арқылы ұшатын әуе рейстерінің жартысы Исландиядағы жанартаудың оянуына орай, бүгінгі жұма күні кейінге қалдырылып отыр.

Еуропада жанартау атқылауына байланысты 5000 әуе рейсі кейінге қалдырылған

Бұл туралы ресми өтінішінде әуе қатынастары қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық ұйым - Еуробақылау хабарлады. Бейсенбіде бүкіл Еуропа бойынша 5 мыңнан 6 мыңға дейінгі әуе рейстері кейінге шегерілген.

«Жағдайды талдау жанартаудың шаңды түтінінен тараған бұлттардың жайылуы оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа ойысқанын көрсетеді. Таңертеңгісін ол Германия мен Польшаның бүкіл аумағын жауып тастауы мүмкін», - делінген Еуробақылау таратқан коммюникеде.

Кеше кешкі орталық еуропалық уақытпен 22:00-де жанартаудан шыққан шаңды бұлттар Бельгия, Нидерланды, Солтүстік Германия, Солтүстік Франция және Польшаның солтүстік бөлігін жауып тастаған еді. Бейсенбінің ортасында Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Дания, Швеция және Финляндияның әуе кеңістігі толықтай тұмшаланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша осы аумақтарда орналасқан әуежайлар жұма күнге кешке дейін жабық болады, алайда олардың жұмысы қалпына келуі атмосфера жағдайына байланысты болайын деп тұр.