Еуропадағы пошта операторлары АҚШ-тан жөнелтілімдерді қабылдауды тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM — 23 тамыздан бастап Норвегия, Швеция және Бельгиядағы пошта операторлары кедендегі жағдай нақтыланғанша АҚШ-тан жөнелтілімдерді қабылдауды және жіберуді тоқтатады. 

Еуропадағы пошта операторлары АҚШ-тан жөнелтілімдерді қабылдауды тоқтатады
Фото: freepik.com

Posten Bring, PostNord және bpost бұл шешім АҚШ 800 долларға дейін жөнелтілімдерге арналған артықшылықтарды жойғаннан кейін қабылданғанын айтты. Бұрын мұндай жөнелтілімдер кедендік баж салығынан босатылған.

29 тамызда күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, жіберушілер жөнелтілімдері АҚШ-қа жеткізілмес бұрын кедендік алымдарды төлеуі керек. 

— Бұл процестің егжей-тегжейін АҚШ кеден органдары әлі нақтылаған жоқ, — деп жазылған Posten Bring мәлімдемесінде.

100 доллардан төмен және 800 доллардан жоғары жөнелтілімдер үшін ережелер өзгермегені атап өтілді.

Еске сала кетейік, АҚШ 6000-нан астам халықаралық студенттік визаның күшін жойды. 

Соңғы жаңалықтар