Еуропадағы TUI Group ірі концерні Астанада өтетін «Қазақстанның туристік әлеуетін қарастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлиндегі ҚР Елшілігінде Қазақстанның туризм саласын дамыту үшін трансұлттық корпорациялар мен ірі инвесторларды тарту, «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Еуропадағы TUI Group ірі концерннің Басқарма мүшесі Томас Эллербек бастаған делегациясымен кездесу өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тараптан келіссөздерге ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туристік саласы комитетінің төрайымы Роза Асанбаева, Инвестиция және даму министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК өкілдері қатысты.

Кездесу аясында неміс тарапы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының және «100 қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерімен, ҚР туризм саласы дамуының өзекті мәселелері және келешегімен, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысымен таныстырылды.

Келіссөздердің нәтижелері бойынша Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымымен және туристік ұсыныстарымен таныстыру мақсатында ақпараттық тур ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Ынтымақтастықтың маңызды аспектісінің бірі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне туристерді жіберу және орналастыру мәселелері болып табылады.

TUI Group компанияларының тобы әлемдік туристік нарығында озық орынға ие. Концерн 2014 жылғы неміс TUI AG және ағылшын TUI Travel PLC компанияларынің қосылуы нәтижесінде құрылды. TUI Group штаб-пәтері Германияда орналасқан. Оның акциялары Лондон қор биржасында сатылуда және FTSE 100 индекстің есебіне кіруде.

Концерн жыл сайын 30 млн. астам клиентке қызмет көрсетіп, 180 елде демалыс өткізуді ұсынады. TUI тобына туроператорлар, 300 астам конақүй, 6 әуе компаниясы, 12 круиздік лайнер және т.б. кіреді. Компанияның жалпы қызметерлерінің саны 77 мын адамнан асады. TUI Group Еуропадағы ең үлкен чартерлік флотқа ие. Атап айтқанда, 136 ұшағы бар.

Соңғы жаңалықтар