Еуропалық Одақ Израильдегі өлім жазасы туралы заңға алаңдаушылық білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық Одақ (ЕО) Израиль парламенті – Кнессетте палестиналық тұтқындарға бағытталған «өлім жазасы» туралы дау туғызған заңның қабылдануына «қатты алаңдаулы». Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Еуропалық Одақ Израильдегі өлім жазасы туралы заңға алаңдаушылық білдірді
Фото: Анадолы

Бұл туралы сыртқы саясат бойынша ЕО ресми өкілі Ануар Аль-Ануни «Анадолу» агенттігінің тілшісінің сұрағына жауап беру барысында айтты. Сұрақ заң қабылданғаннан кейін ЕО Израильмен серіктестік келісімін уақытша тоқтата ма деген мәселеге қатысты болды.

Аль-Ануни бұл бастаманы «адам құқықтарын сақтау міндеттемелеріне кері қадам» деп бағалады.

— Заң қабылданғаннан кейін Израильде түрлі пікірлер айтылды, сондай-ақ Жоғарғы сотқа апелляция берілді, — деді ол.

ЕО өкілінің айтуынша, Брюссель қандай жағдайда болса да өлім жазасына қарсы болып отыр, себебі бұл өмір сүру құқығын бұзады және одақтың негізгі құндылықтарына қайшы келеді.

Аль-Ануни Израильді бұрын «өлім жазасына қатысты аймақтағы үлгілі ел» деп екенін атап өтті және «заңның қабылдануы Израиль бұрын ұстанған маңызды тәжірибеден айтарлықтай кері қадам болып табылады» деді.

Ол Израильді өз «бұрынғы принциптік ұстанымына» және халықаралық құқық пен демократиялық қағидаттарға адал болуға шақырды. Сонымен қатар, ЕО өкілдері Израильдегі әріптестерімен байланыста екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль парламенті палестиналықтарды өлім жазасына тағайындайтын заң жобасын мақұлдағанын жаздық.