Еуропалықтардың қалауы — бейбітшілік пен қауіпсіздік

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропарламенттің 2025 жылғы қысқы кезеңдегі «Евробарометр» сауалнамасы жарияланды,  онда Еуроодақ азаматтары бейбітшілік пен қауіпсіздікке жоғары талаптар қойғаны атап өтілді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Еуропалықтардың қалауы —  бейбітшілік пен қауіпсіздік — сауалнама
Фото: pixabay.com

Бүкіл ЕО бойынша жүргізілген сауалнама азаматтардың 66%-ы Одақтың оларды жаһандық дағдарыстар мен қауіпсіздік тәуекелдерінен қорғауда үлкен рөл атқарғанын қалайтынын көрсетті. Бұл көзқарас әсіресе сауалнамаға қатысқан жас респонденттердің арасында күшті. Ұлттық деңгейде ЕО ролінің күшеюі үшін нәтижелер Швециядағы 87%-дан Румыниядағы 47%-ға және Польшадағы 44%-ға дейін болып отыр. 

ЕО азаматтарының төрттен үш бөлігі дерлік (74%) өз елдері ЕО мүшелігінен пайда тапты деп санайды. Бұл Eurobarometer сауалнамасында 1983 жылғы бірінші сұраудан бері осы мәселе бойынша тіркелген ең жоғары нәтиже. Қазіргі контекстке сәйкес респонденттер ЕО-ның бейбітшілікті сақтауға және қауіпсіздікті арттыруға қосқан үлесін (35%) мүшеліктің пайдалы деп санаудың басты себебі ретінде атайды.

Бұдан басқа, ЕО азаматтары арасында ЕО-ға мүше мемлекеттер ағымдағы жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін көбірек бірігуі қажет (89%) және Еуропалық Одаққа алдағы қиындықтарды шешу үшін көбірек ресурстар қажет (76%) туралы кең келісім бар.

Еуропалықтар Еуропарламент қорғағын деп қалайтын құндылықтарды қарастыратын болсақ, бұл тізімде бейбітшілік (45%), демократия (32%) және ЕО және бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын қорғау (22%) тұр. Бұл мәселе бойынша қорытынды тұрақты болып қалды, бұл азаматтардың ЕО-ның іргелі құндылықтары мен принциптерін қатты қолдайтынын көрсетті.

— Еуропалықтардың үштен екі бөлігі ЕО-ның оларды қорғауда үлкен рөл атқарғанын қалайды. Бұл — біз жауап беретін нақты әрекетке шақыру. Біздің азаматтарымыз өздерін қауіпсіз сезінуі үшін Еуропа күшейе түсуі керек. Еуропарламент алға қойылған әрбір ұсыныстың жеткілікті батыл әрі өршіл болуын қамтамасыз етеді, — деп мәлімдеді Еуропарламент төрайымы Роберта Метсола.

Бұған дейін Қазақстан енді Еуроодақ нарығына бал экспорттайтынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар