Еуропалық Одақ басшылығының шақыруымен алдағы күзде Елбасының Брюссельге сапары жоспарлануда

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еуропалық Одақ басшылығының шақыруымен ағымдағы күзде Елбасының Брюссельге сапары жоспарлануда.
None
None

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Бобров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың қазан айында Еуроодақ басшылығының шақыртуымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Брюссельге сапары жоспарланған. Бұл сапардың ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық ету кезеңінде өтуі ерекше маңызды болып табылады. Бұл ретте «Қазақстан - ЕО» Парламенттік ынтымақтастық комитеті де өзара байланыстың одан сайын дамуына зор үлес қоса алатынына сенімдімін», деді В. Бобров.

Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты «Қазақстан-ЕО» бірлескен парламентаралық жұмыс алаңында нақты мәселелер талқылауға көп мүмкіндіктер болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар