Еуропалық Одақ пен Қазақстанның байланысы тереңдей түсетініне сенім білдірілді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Пьер Морель мырзамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орал Мұхамеджанов мейманға дағдарыс жағдайына жасалып жатқан шаралар жайында әңгімелеп, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін кезеңде Еуроодақпен арақатынасымыз арта түсетінін жеткізді. Осы мәселеге орай «Еуропаға жол» атты арнайы мемлекеттік бағдарлама жасалып, алдымызға еуропалық қоғаммен жан-жақты байланысты дамыту мәселесін қойып отырғанымызды мәлімдеді. «Қазақстан Еуропалық Одақтың ірі сауда және инвестициялық әріптесі болды және болып қала береді. ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы өткен жылғыдан 42 пайызға өскенін көрдік. Ал еліміздің экспорты алдындағы жылдан 57 пайызға жоғарылады. Енді осы байланыстарды одан әрі дамытып, жолын аша түсуіміз қажет. Ендігі өзекті мәселе Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі үшін екі жақты келісімдерді табысты аяқтау мен Еуропалық Одақтың елімізге нарық экономикасы мәртебесін беруді жеделдету болып отыр»,- деді Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов. Еуропалық Одақтың арнайы өкілі соңғы үш жылда Қазақстанмен арадағы байланыстардың өркендей түскеніне тоқталып, осындай қиын кезде де Қазақстан өз жолынан таймай келе жатқанын бағалады. Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі алатын орны, Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жұмысы жайында және қаржы саясатына қатысты сұрақтар қойды. Арнайы өкілдің сұрақтарына Мәжіліс Төрағасы мазмұнды жауап беріп, алдағы уақытта Еуропалық Одақ пен Қазақстанның байланысы тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар