Еуропаның «алтын ғасыры» келмеске кетті

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Еуропаның «алтын ғасыры» келмеске кетті. Бұл туралы бүгін Астанада Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияда Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан мәлім етті.
None
None

«Мен Еуропадағы жағдайдың болашақта оңалатынына үлкен күдікпен қараймын. Мәселе қарыздың тым көптігінде емес, бәсекеге қабілеттіліктің төмендігінде. Қарыз мәселесі тек шын проблеманы жасырудың кейпі. Еуропаның «алтын ғасыры» келмеске кетті. Бізге өмір сапасын осы жоғары деңгейде ұстап тұру ғана қалды», - деді ол.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін реформалар жеткілікті түрде жасалды. Бірақ Еуропадағы дағдарыс тек қаржылық салада орын алып жатқан жоқ.

«Сондықтан мен Еуропада шын мәніндегі реформалардың атқарылмайтындығына сенімдімін. Меніңше, болашақ 4-5 жыл ішінде әлемнің бұл бөлігі төмен даму ырқында болады. Соған орай, әлеуметтік салдарлар ушығып, демократиялық жүйеге кері зардабын тигізеді. Еуропалықтар дағдарысты күткен жоқ болатын. Және қазіргі уақытта шешімін табуы тиіс қажетті істерден гөрі, олар тіпті басқа шараларды қолға алып жатыр. Оған саяси жігер-қайрат және техникалық тетіктер қажет», - деп атап өтті Д. Стросс-Кан.

Соңғы жаңалықтар