16:19, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Еуропарламент банкирлердің жалақы мөлшерін шектеді
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Еуропарламент Еуроодақ саммитінің қорытындысы бойынша, банкирлердің жалақыларын шектеу жөніндегі Еуропалық кеңестің шешімін бекітті. Еуропарламент өкілдерінің пікірінше, банк саласындағы ұйымдар басшыларының еңбекақы мәселесіне қатаң және өте тиімді тәртіп орнатуға ықпал етеді, деп хабарлайды РБК.

Еуропарламенттің қаулысы 2011 жылдан бастап банктердің барлық топ-менеджерлерінің жалақысына шектеу енгізуді көздейді, делінген ұйым таратқан бүгінгі ақпаратта.
Еуропарламенттің қаулысына сәйкес, бонустар төлеудің жаңа тәртібі олардың несиені ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесіне қатысты болады. Ендігі жерде банкирлерге сыйақының белгілі бір бөлігі ғана бір мезетте төленуі мүмкін, соманың қалған бөлігі банк жұмысының тиімділігі анықталған соң беріледі.
Сонымен қатар, аталған ереже ірі көлемде жәрдемақы алған несие ұйымдары жетекшілерінің дағдарыс ушығып тұрғанда қызметтен кетулерінің, ал қаржы қиындығына тап болған несие ұйымдарын банкроттыққа ұшырамау үшін еуропа үкіметіне көмекке жүгіну секілді жағдайлардың тағы да қайталанбауын көздейді.