Еуропарламент Косовоға қатысты қабылданған шараларды дереу алып тастауды талап етті
АСТАНА. KAZINFORM — Еуропарламенттің Сыртқы істер комитеті (AFET) Косовоның ЕО-ға кірудегі ілгерілеуі туралы баяндаманы қабылдады, деп жазады Анадолы агенттігі.

Еуропарламент мүшелері Еуропалық Одақ (ЕО) Косовоға 2023 жылы салынған жазалау шараларын «тез арада» алып тастауға шақырды.
Еуропарламенттің Сыртқы істер комитеті (AFET) Косовоның 2023 және 2024 жылдардағы ЕО-ға кірудегі ілгерілеуі туралы баяндаманы қабылдады.
Атап айтқанда, баяндамада Косовоның Еуроодаққа мүше болуға талпынысы жолындағы реформалары жоғары бағаланып, елдің одаққа кірудегі белсенділігі атап өтілді.
Сондай-ақ баяндамада Еуроодақтың Косовоға қарсы жазалау шараларын «тез арада алып тастау» қажет екені айтылды әрі сынға алынды.
Бұл шаралар «Косовоның еуропалық құндылықтарға деген адалдығына елеулі қайшылық келтіреді әрі Белград пен Приштина арасындағы диалогты адал ниетпен қайта бастауға кедергі жасайды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ баяндамада Косово мен Сербия билігін 2013 жылғы Брюссель келісімі мен 2023 жылғы Охрид келісімін орындауға шақырады.
ЕО 2023 жылы Приштина елдің солтүстігіндегі шиеленісті бәсеңдету үшін шаралар қолданбады деген сылтаумен Косовоға шектеулер енгізе бастады.
Бұл шаралар, атап айтқанда, Косовоның бірқатар салаларда Еуроодақтан қаражат алуына кедергі келтіррді.
Косово мен Сербия арасындағы шиеленіс Белград үкіметінің 2008 жылы біржақты түрде тәуелсіздігін жариялаған Приштинаны өз аумағы ретінде қарастыруымен де байланысты.
Косово мен Сербия арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында 2011 жылы ЕО-ның делдалдығымен диалог процесі басталған, алайда бұл процесс тараптардың ұстанымдарындағы қайшылықтарға байланысты жиі үзіліп тұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропарламенттің 15 мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу аясында назарға іліккенін жазған болатынбыз.