Еуропарламенттің жаңа төрағасы сайланды

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бүгін Страсбургте Еуропарламенттің сессиясында депутаттар Еуропарламенттің жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Польшаның бұрынғы премьер-министрі Ежи Бузек ие болды,  
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еуропарламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропалық халықтық партиядан үміткер Е.Бузекке Еуропарламенттің 555 мүшесі дауыс берді. Еуропарламенттің екі ірі фракцияларының арасындағы қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес алғашқы 2,5 жылда Еуропалық халықтық партия өкілі спикер болады, одан кейін қалған уақытқа (келесі 2,5 жылға) Социалистер мен демократтар прогрессивтік альянсының өкілі сайланады.

Сөйтіп, 2004 жылы Еуроодақ кеңейтілгеннен кейін 69 жастағы поляк депутаты Е.Бузек Орталық және Шығыс Еуропа елдерінен Еуропарламентке алғашқы басшы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Е.Бузек Еуропарламенттегі бұрынғы басшы неміс Ганс-Герт Поттерингті ауыстырды.

Соңғы жаңалықтар