Еуростат: ЕО-да тарихта алғаш рет тұрғындардың табиғи өсімінің азаюы тіркелді

2015 жылы ЕО-да шамамен 5,1 миллион сәби дүниеге келгені, 5,2 млн.-нан астам адам көз жұмғаны аталып өтілді.
«Бұл ЕО тарихында алғаш рет тұрғындардың табиғи өсімінің азайғаны, яғни елде дүниеге келетіндердің саны дүниеден озатындарға қарағанда төмен дегенді білдіреді», - деп хабарлады «Еуростатта».
Оған қарамастан, өткен жылы Еуроодақ тұрғындарының саны шамамен 2 миллион адамға артты, негізінен, миграция (көші-қон) есебінен.
«2016 жылы 1 қаңтарда Еуроодақ тұрғындарының саны 510,1 млн. адам болды, бір жыл бұрын 508,3 млн. болған», - делінген зерттеуде.
Еуроодақтағы халқы көп елдер Германия (82,2 млн. тұрғын), Франция (66,7 млн.), Ұлыбритания (65,3 млн.) және Италия (60,7 млн.). Бұл елдерде ЕО тұрғындарының жартысы тұрады.
«2015 жылы ЕО-ға мүше 17 елде тұрғындар саны артса, 11-нде төмендеді», - деп атап өтті «Еуростатта».
Өсім Люксембург (1 мың тұрғынға +23,3), Австрия (+14,4%), Германия (+11,8%), Мальта (+11,7%), Швеция (+10,6%), Дания (+8,4%) және Бельгияда (+7,2%) байқалды.
Халық анының азаюы Литва (-11,3%), Латвия (-8,7%) және Хорватияда (-8,2%), кейін Болгария (-6,7%), Грекия (-6,0%) және Румынияда ( 5,6%) тіркелді.