«Еуровидение» конкурсының алғашқы финалистері анықталды

МӘСКЕУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Еуропалық көрермендер мен кәсіпқой қазылар алқасының дауыс беруі барысында «Еуровидение» халықаралық конкурсының финалға шыққан алғашқы он әншісі анықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша ақтық кезеңге Түркия, Швеция, Израиль, Португалия, Мальта, Финляндия, Босния мен Герцеговина, Румыния, Армения және Исландия өкілдері шығып отыр. Бірінші жартылай финалға 18 үміткер қатысты. Биыл қабылданған дауыс берудің жаңа ережесі бойынша, жеңімпаздарды көрермендер мен ресейлік әнші Филипп Киркоров жетекшілік ететін кәсіпқой қазылар алқасының мүшелері таңдайды. Көрермендер әр жартылай финалда SMS-хаттар мен телефон қоңырауларының көмегімен 9 финалисті анықтаса, оныншысын қазылар алқасы таңдайды. Екінші жартылай финал ертең, мамырдың 14-інде өтеді. Оған қатысатын 19 конкурсанттың ішінен тағы 10 адам іріктеп алынады. Ресейдің атынан бұл байқауға әнші А.Приходько қатысуда.
Соңғы жаңалықтар