ЕҰУ-де көрнекті математик М.Өтелбаевтың мерейтойы құрметіне халықаралық конференция өтуде

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бұл күндері Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті математик-ғалым Мұхтарбай Өтелбаевтың мерейтойы құрметіне «Функционалдық талдау және оның қосымшалары» тақырыбына халықаралық конференция өтуде.
None
None

Сонау 1965 жылы 22 жастағы балаң жігіт Мұхтарбай Өтелбаев армиядан кейін ММУ-дың механика-математика факультетіне оқуға түскен кезде өзінің әлем таныған ғалым боларын сезді ме?

Әрине, жоқ. Ол да өзін жоғары оқу орындарында оқып жатқан және оны бітіретін түлектер сияқты санады. Алайда ол өзінің жарқын қабілеттерімен оқытушыларының назарын аударды. «Мехматты» бітіріп, 1972 жылы профессорлар Борис Левитан мен Анатолий Костюченконың басшылығымен кандидаттық диссертациясын қорғады. Алты жылдан кейін әлемдік деңгейдегі математик, КСРО ҒА академигі Андрей Колмогоровтың төрағалығымен докторлық диссертациясын қорғап шықты.

«Сөйтіп, ғылым Мұхтарбай Өтелбаевтың бүкіл өмірінің мәніне айналды», деп атап өтеді РҒА мүше-корреспонденті, физика-математика ғылымдарының докторы Олег Бесов пен физика-математика ғылымдарының докторы, Мәскеудегі Халықтар достығы университетінің профессоры Геннадий Калябин.  

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, функционалдық талдау және олардың қосымшалары саласындағы маман, 3 монографияның және 200-ден астам бірегей ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың авторы, есімін елде ғана емес әлем таныған, халықаралық рейтингілік ғылыми журналдарда жарияланған 70-тен астам еңбектің авторы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі және қолданбалы математика кафедрасының профессоры, ЕҰУ жанындағы Еуразия математикалық  институтының директоры, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаев өзінің 70 жасқа толған мерейтойын атап өтуде.   

Бұдан 35 жыл бұрын профессор Петр Лизоркин бірнеше жас ғалымдармен бірлескен жұмысы барысында оның өнертапқыштығын және күрделі міндеттерді шешуде ойламаған жерден жарып шығатын шалымдылығын атап көрсеткен еді. Танымал ғалымдар Алексей Дезин, Анатолий Костюченко және Лев Кудрявцев, сондай-ақ орыс математикасының патриархы, академик Сергей Никольский сияқты аузы дуалы ғылым қайраткерлері де осындай жоғары баға берді.

70-жылдардың соңында және 80-жылдардың басында профессор Өтелбаев әртүрлі қалаларда өтіп жүрген жыл сайынғы операторлар теориясы жөніндегі мектептердің (Новосібір, Минск, Киев, Бюрокан, Алматы, Юрмала) және басқа да көптеген конференциялардың басты баяндамашыларының бірі болды.

Соңғы жаңалықтар