Эвандер Холифилд Қырғызстанда бокс академиясын ашуды жоспарлап отыр

БІШКЕК. KAZINFORM — Әлемдік бокс аңызы Эвандер Холифилд Қырғызстанға барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Эвандер Холифилд планирует открыть академию бокса в Кыргызстане
Фото: wikipedia.org

Халықаралық кәсіби бокс кешін ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, екі салмақ дәрежесінде бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, танымал америкалық боксшы Эвандер Холифилд Қырғызстанда өзінің бокс академиясын ашуға ниетті екенін білдірді.

Академия жас спортшыларды жаттықтырады, жаттықтыру мектебін дамытады және әлемдік деңгейдегі жетекші мамандармен тәжірибе алмасады деп күтіліп отыр. Жобаның егжей-тегжейі, академияның ықтимал орналасуы және ынтымақтастықтың нақты форматы оның елге сапары кезінде талқыланады деп жоспарланып отыр. 

Бұдан басқа, Ыстықкөлде Э. Холифилдтің мансабына арналған жаңа деректі фильмнің эпизодтары түсіріледі.

Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы 3 шілдеде ел астанасында өтетін ірі халықаралық бокс турниріне құрметті қонақ ретінде ұшып барады. 
Бокс кешіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Таиланд және Куба өкілдері қатысады. Көрермендер сегіз кәсіби, оның ішінде екі титулдық жекпе-жекті тамашалайды.

Құрметті қонақтар қатарында сондай-ақ Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, WBA және WBO халықаралық титулдарының иегері, қазақстандық Қанат Ислам, өзбекстандық Олимпиада чемпионы Мұхаммедқадыр Абдуллаев және Олимпиада чемпионы және бұрынғы WBA әлем чемпионы Александр Поветкин болатыны күтіліп отыр. 

Осыған дейін Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигін жариялады