Эверест шыңын бағындырғандар Гималайға екі жыл тегін көтеріле алады

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Непалдағы Гималайды бағындырғысы келетін шетелдік альпинистер, ең алдымен бұл әуес істеріне қомақты қаржы жұмсаулары керек.

Эверест   шыңын  бағындырғандар Гималайға екі жыл тегін   көтеріле  алады

Бірақ та, енді олардың ең күштілері мен шеберлеріне біраз жеңілдіктер жасалатын болады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ағымдағы аптада Непал өкіметі, әлемнің ең биік шыңы саналатын Эвересті (теңіз деңгейінен 8848 метр биіктікте орналасқан) немесе Гималайдың басқа да биік шыңдарының бірін бағындырған шеберлерге келесі жылдың соңына дейін елге келуге тегін бонус-виза берілетінін мәлім етті. Осылайша, Непал үкіметі Гималай мемлекетіне келіп, таудың саф ауасымен тыныс алғысы келетін, буддалардың ескерткіштерін көргісі келетін және өздерінің альпинистік қабілеттерін тексеріп, бір-екі шыңды бағындыруға ықыласты, тіпті Эверестің өзіне шыққысы келетін шетелдік қонақтарды көбірек тартпақ ниетте.

«Әлемнің ең биік шыңын бағындырған жеңімпаздарға 2010- және 2011 жылдарға тегін виза беріледі», - деп хабарлады Непалдың туризм министрлігінің өкілі Ранджан Ариал.