Евгений Хитров: Геннадий Головкин - бүгінгі заманның ең үздік боксшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның орта салмақта өнер көрсететін 26 жастағы кәсіпқой боксшысы Евгений Хитров (9-0, КО 9) WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің жаттығу лагерінде болды.
None
None

Г.Головкин қазір «Биг Беар» лагерінде Вилли Монроға қарсы жекпе-жектің қарсаңында қызу дайындық жасап жатқаны белгілі. Таңданысын жасыра алмаған Хитров ол жақтан үлкен әсер алғанға ұқсайды.

«Гена GGG Головкин - керемет адам, қарапайым және әңгімеге ашық, бүгінгі заманның ең үздік боксшысы», - деп мәлімдеді ол Головкин туралы.

Еске сала кетейік, Евгений келесі жекпе-жегін 10 сәуірде Бруклинде әлі бірде-бір рет жеңілмеген Аарон Колиге қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар