Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Евгений Кочетов Қазконтент басқармасының төрағасы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазконтент» басқармасының төрағасы болып Евгений Кочетов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

 Евгений Кочетов Қазконтент басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Айта кетсек, Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрін тәмамдаған. «Kaztube» порталының жетекшісі, «Казконтент» АҚ басшысының орынбасары, «Informburo», «Vlast» порталдарының экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate group» атқарушы директоры, «Корпорация «Цесна» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы қызметі - «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК.