19:58, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Exclusive» іскерлік басылымы «Үздік репутациясы бар 50 компанияның рейтингін» жасады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Exclusive» іскерлік басылымы жасаған «Үздік репутациясы бар 50 компанияның рейтингінде» қаржы институттары арасында БТА банкінің мерейі үстем болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«БТА банк» АҚ 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның қаржы институттары арасында бірінші орынға ие болып отыр. Брендтің танымалдығы 5 баллдық шкалада ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. «Exclusive» іскерлік басылымының бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан бұл зерттеуінде осы жолы сауалнамаға жоғары және орта деңгейдегі 755 менеджер қатысқан. Сауалнама мен фокус топтар арасындағы сұрау салу кезінде 1185 компанияның аты аталған. Жалпы БТА банкі бұған дейін 2006, 2007 жылдары «ТМД елдерінің жыл банкі» атағын жеңіп алған болатын.