«EXPO 2017 Football Cup»: Қазақстан үшінші орын үшін португалиялықтармен күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоржынында бір жеңісі, бір жеңілісі бар Қазақстан Португалия құрамасымен үшінші орын үшін таласады. 

«EXPO 2017 Football Cup»: Қазақстан үшінші орын үшін португалиялықтармен күш сынасады

Ал «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің финалында Ресей құрамасы финалда Әлем құрамасымен кездесетін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ресейлік футбол ардагерлері португалдықтардан 6:5 есебімен басым түсті. Осылайша, «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің финалында ресейліктер Әлем құрамасының кіл мықтыларымен шығатын болды. Ал қоржындарында бір жеңіс, бір жеңілістен бар Қазақстан мен Португалия ертең қола медаль үшін күн сынасады. Бесінші орынды бірде-бір жеңісі жоқ Германия мен Италия өзара сарапқа салмақ.

Бірінші, үшіші және бесінді орын үшін талас «Астана Арена» стадионында ертең басталады. Аталған матчтарға қатысу үшін билетті 2000 теңгеге сатып алуға болады. Қызықты сайыстан бұрын Әлем футболының жұлдыздары қазақстандық балалармен шеберлік сыныбын өткізеді.

Еске сала кетсек, бүгін «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің топтық матчі аяқталды. Қазақстан, Ресей, Португаия, Германия, Италия және Әлем құрамаларының өнерпаздары бүгін өзара сайысқа түсті. Қазақстан өз кезегінде Германияны жеңіп, Әлем құрамасына есе жіберді.