«EXPO 2017 Football Cup» турнирінде Қазақстан үшін бірінші голды Тілешев салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің алғашқы матчы басталып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Турнирдің алғашқы матчы Қазақстан мен Германия құрамалары арасында өтіп жатыр. Өкінішке орай, Қазақстан командасының қақпасына матчтың 7 минутына дейін германиялық футболшылар екі гол салып жіберді. 8 минутта тепкен қазақстандық футболшы Қабырқұловтың добы штангадан кері қайтты. 9 минутта Тілешов есепті 2:1 ретіне жеткізді.
Еске сала кетсек, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамызда елорданың «Астана Арена» стадионында «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі басталады. Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. ЭКСПО кубогында Астана жанкүйерлері әлемдік деңгейдегі ардагер ойыншылардың ойынын өз көзімен көре алады. Олардың арасында «Алтын доп» иегері француз Жан-Пьер Папен, «Валенсия» капитаны Гаиска Мендьета, «Порту» сапында жасындай жарқылдаған Манише мен Италия чемпионатының үздік сұрмергені болған Эрнан Креспо бар.