EXPO-2017 көрмесінің арқасында Астананы көретін голландықтардың саны артады - Х.Дриссер

Осы ретте, Астана EXPO-2017 көрмесіндегі Нидерланды павильонының бас комиссары Ханс Дриссермен сұхбат жүргізудің реті түскен еді. Дриссер мырза Астана EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы-ақ талай туристерді тартады деген ойын жеткізді.
- Ханс мырза, Нидерланды елі Астана EXPO-2017 көрмесінен не күтеді ?
- EXPO-2017 көрмесіне қатысатын еліміздің күтері көп. Бұл үміттің негізгі бір себебі осы көрменің тақырыбы болып отыр.
Айтайын дегенім, қазір Нидерландыда «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте өзекті. Оның үстіне, аймақтық энергия қауіпіздігін, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруін есепке алсақ, бұл тақырып тіпті өзектене түседі. Сондықтан, бұл көрме әртүрлі компаниялар мен ғылыми орталар үшін жаһандық палтформаға айналады деп үміттенемін. Жаһандық плафторма экологиялық мәселелерді шешетін бизнес-жобалар мен ұзақмерзімді дамуға жол ашары анық.
Осы уақытқа дейін байқағанымыз - жасыл экономиканы дамыту жөніндегі бастамалар көбінесе үкімет тарапынан айтылып жүр. Кәсіпорындар баяу болса да тұрақты энергия дамуына ілесіп, өз тараптарынан қызықты ұсыныстар мен идеялар білдіріп жүр. Міне, осы сәтте ұйымдастырушылардың жұмысын күшейту керек, яғни барлық жақсы идеялар мен ұсыныстарды біріктіру керек. EXPO-2017 көрмесі тұрақты энергия мен жасыл экономика салаларындағы өз идеяларын көрсету үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жарқын ой иелері мен қабілетті кәсіпкерлерді жинайды. Голландық компаниялар, әрине, сөзсіз, бұл көрмеге қатысады, бұл бір жағынан Қазақстанмен арадағы экономикалық байланыстардың сақталуы. Нидерланды елі бұрыннан-ақ энергетика саласындағы Қазақстанның ірі экономикалық серіктесі екені анық.
- Бүкіл әлем үшін энергияны үнемдеу мен баламалы қуат көздерін дамыту мәселесі ерекше дараланып отыр. Ал EXPO-2017 көрмесі -энергия тиімділік пен жасыл технологияны дамыту салаларындағы Сіздің еліңіздің атқарған жұмыстарын паш ететін алаң. Бұл ретте, Нидерланды павильонының ерекшелені неде болмақ? Павильондарыңыздың контенті бойынша идеяларыңыз да бар шығар? Бір сөзбен айтқанда, әлемге не көрсетесіздер?
-Батыс Еуропаның қатты дамыған өңіріндегі ірі табиғи газ өндіруші болып отырған біз энергия өндірісі қоршаған ортаға зиян тигізетінін көрдік. Оның үстіне, халқы тығыз орналасқан ел болғандықтан, Нидерланды ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты саясаты мен көзқарасын қайта қарауға күдік танытты. Нидерландының үкіметі, жекеменшік сектор мен ғылым - энергия үнемдеу мен климаттың өзгеруі салаларында жаңа шешімдер әзірлеу үшін тығыз ынтымақтастық орнатты.
Ал EXPO-2017 көрмесінде біз ауыл шаруашылық пен өнеркәсіпті жасыл экономикаға қалай ауыстыруға болатынын көрсетеді. Нидерланды павильонының тұжырымдамасы әзірге қарауда жатыр.
- Сіздің ойыңызша, әлемде баламалы энергияны дамыту мен жинау бойынша Қазақстан халықаралық хабқа айнала ала ма?
- EXPO 2017 көрмесінің орны мен көрменің инфрақұрылымын пайдалана отырып, жасыл технологияларды дамыту жөніндегі Халықаралық орталық ашу туралы ҚР Прездентінің айтқан ұсынысы өте маңызды. Міне, осы ұсыныс арқылы Қазақстан 2011 жылы басталған «Бүкіл әлем үшін тұрақты энергетика» атты БҰҰ-ның бастамасына өз үлесін қосып отыр.
Ал EXPO көрмесі Азияның орталығындағы тұрақты әрі өркендеуші ел ретінде Қазақстанның халықаралық беделін арттыра түсері сөзсіз.
- Қазақстан Нидерланды халқы үшін қаншалықты қызықты ел болады деп ойлайсыз ба?
- Менің елім - әлемдегі ең ашық қоғам қалыптасқан елдердің бірі. Жер шарының кез келген бұрышында голландық кәсіпорындарды таба аласыз, голландық туристерді кездестіре аласыз.
Жалпы, Нидерланды үшін Орта Азия - туристік тартымдылық тудырып отырған өңір. Сондықтан, EXPO 2017 көрмесіне келген нидерландықтар Орта Азияның өзге де елдеріне саяхаттай алады деп ойлаймын. Және, менің білуімше, EXPO-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары келушілер үшін осындай нұсқалар қарастырып жатыр. Сондықтан, Астанаға келетін голландықтардың саны артады деп ойлаймын. Оның үстіне, 2016 жылдың мамырынан бастап Астана мен Амстердам арасында тікелей әуе рейсы ашылады, бұл да болса туристердің легін көбейтетін амал.
- Тығыз жұмысыңызға қарамастан, уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет!