13:04, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
«EXPO - 2017» көрмесінің туы келесі жылы Қазақстанға жеткізіледі
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Алдағы жылы «EXPO - 2017» көрмесінің туы Қазақстанға ресми түрде жеткізіледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Астана EXPO - 2017» ұлттық компаниясы маркетинг және коммуникациялар департаментінің менеджері Нұргүл Әліпинова мәлім етті.
Қазіргі кезде Астанадағы «EXPO - 2017» көрмесінің тіркеу құжаттары әзірленіп жатыр. «Оны Халықаралық көрмелер бюросы қарап шығып, мақұлдауы тиіс. Осыдан кейін бізге «EXPO - 2017» көрмесінің туы салтанатты түрде табысталады. Міне, дәл сол кезден бастап Қазақстан «EXPO - 2017» халықаралық көрмесін өткізуші елдің мәртебесіне ие болады. Демек, биыл дайындық жылы болса, келесі жылы жазда туды алғаннан кейін біз қонақтарды шақыруға кірісеміз»,- дейді Н.Әліпинова.