12:50, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
«EXPO - 2017» көрмесінің жаңа логотипі қазан айында дайын болады
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Күзде «EXPO - 2017» халықаралық көрмесінің жаңа логотипі дайын болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Астана EXPO - 2017» ұлттық компаниясы маркетинг және коммуникациялар департаментінің менеджері Нұргүл Әліпинова мәлім етті.
«Қазіргі кезде ребрендинг жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстың нәтижесінде Астанада өтетін «EXPO - 2017» көрмесінің жаңа логотипі дайын болмақ. Алайда ол, ең алдымен, Халықаралық көрмелер бюросының талқылауына салынады. Ал ағымдағы жылдың қазан айында біз «EXPO - 2017» логотипінің соңғы нұсқасын таныстырмақпыз», - деп атап көрсетті ол. Маманның айтуынша, аталған жұмыспен қатар Астана EXPO - 2017 сайтын жаңарту да атқарылып жатыр. Сайттың жаңа нұсқасы маусым айында іске қосылады.