EXPO 2025 Osaka көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан павильонының миллионыншы қонағы ретінде Жапонияның Хёго префектурасындағы Амагасаки қаласынан келген Косуке Хасегава атанды.

EXPO 2025 Osaka көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
Фото: kazakhstanpavilion_2025

Көрмені тамашалағана миллионыншы қонаққа «Kazakh Tourism» ҰК серіктестігімен бірлесіп, арнайы сый-сыяпат та табыс етілді. 

Қазақстан мен Жапония арасында ашылатын тікелей әуе бағыты бойынша бизнес-класс әуе билеті, сондай-ақ Алматы — Астана — Алматы ішкі рейсіне арналған Аirastana әуекомпаниясының билеті алдын-ала сый ретінде дайындалған екен. @wyndhamgardenastana қонақүйінде екі түнеуге мүмкіндік алды. Бұған қоса @openturkistan тарапынан естелік сыйлықтарға ие болмақ.

EXPO 2025 Osaka көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
Фото: kazakhstanpavilion_2025

— Бұл сәт біз үшін ерекше символға айналды. Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктеріне деген қызығушылық әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды біріктіреді. Бізбен осы жолды бірге бөліскен әрбір қонаққа алғыс айтамыз және бірге достық, шабыт пен ашықтық рухын қалыптастырып отырғанымызға қуаныштымыз, — деп жазды ұйымдастырушылар.

Ал EXPO 2025 Osaka көрмесіндегі Қазақстан павильонының миллионыншы қонағын «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дияс Азбергенов пен ұлттық секцияның Бас комиссары Дәулет Еркімбаев салтанатты түрде құттықтады.

EXPO 2025 Osaka көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
Фото: kazakhstanpavilion_2025

Миллионыншы қонақ — Косуке Хасегава — Павильонның креативті тұжырымдамасы мен инновациялық цифрлық контенті оны ерекше таңғалдырғанын атап өтті. Бұл сапар оны Қазақстанға барып, еліміздің тауларының, даласының және табиғатының сұлулығын өз көзімен көруге ынталандырып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда Қазақстанның туы көтеріліп, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысқан еді.

Соңғы жаңалықтар