EXPOLOTTO ұлттық лотереясының алғашқы жеңімпаздары ұтыстарын алды

EXPOLOTTO ұлттық лотереясы - бұл мемлекеттік міндеттерді көздейтін ұлттық ауқымдағы тұңғыш лотерея жобасы. Бұл міндеттердің ішінде көрмені көпшіліктің арасында дәріптеу, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін арттыру арқылы коммерциялауды көтеру, елімізде лотерея нарығын дамыту бар. Лотереяны өткізуден түскен қаржы ЭКСПО-2017 павильондар құрылысына және осы көрмені ұйымдастырумен байланысты басқа да мақсаттарға жұмсалатын болады.
Ұлттық лотерея Қазақстанда биылғы жылдың 23 қазанында Халықаралық көрмелер бюросының берген кеңесіне байланысты басталды. Лотереяны «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық лотереясы» ЖШС ұйымдастырып отыр, ал EXPOLOTTO-ның оператор-компаниясы «Kazakhstan lottery service» ЖШС болып табылады. Лотереялық ұтыстарды өткізудің ашықтығын және оған бақылау жүргізуді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қамтамасыз етеді.
EXPOLOTTO брендімен күнделікті және апталық ұтыстар, сондай-ақ, лезеттік лотереялар секілді лотереялық өнімдердің топтамасы шығарылды. EXPOLOTTO лотереялары ашық және сенімді лотерея екенін атап өткіміз келеді. Лотереялық билетті сатып алудан бастап ұтысқа дейінгі бүкіл әрекеттер электрондық жүйеде тіркеледі. Барлық лотереялық терминалдар бірыңғай желімен байланысқан, лотереяның сатып алынған жері, уақыты мен күні, таңдап алынған сандар жинағы және басқа да ақпарат шынайы уақыт тәртіптемесінде орталық серверде сақталып отырады. Осыдан кейін таңдап алынған сандар жинағы жазылған билет басып шығарылып, ұтысқа салынады.
ЭКСПО-ны қолдау мақсатында мұндай лотереялар 2008 жылы Сарогос қаласында (Испания), 2010 жылы Шанхайда (ҚХР) өткізілген болатын, сондай-ақ, лотерея 2015 жылы Милан қаласында (Италия) өтетін Дүниежүзілік көрменің тіркеу құжаттамасында мәлімделген. Басқа елдердегі ұлттық көрмелерге, форумдар мен спорттық жарыстарға ілестіре лотереяларды өткізу бойынша халықаралық тәжірибе оң нәтижелерді көрсетті.