«Эйр Астана» АҚ Еуропалық комиссияның қара тізіміне іліккен жоқ

Тізімге Қазақстаннан тек «Эйр Астана» АҚ ғана іліккен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еурокомиссияның ұйғарымы бойынша қазақстандық компания барлық талаптарға сәйкес келеді деп танылған.
«Эйр Астана» бұл тізімге ілікпеген жалғыз қазақстандық әуе компаниясы болып отыр. Өткен маусым айында бұлар халықаралық әуе көлігі қауымдастығының операциялық қауіпсіздік аудитінен (IOSA) өткен болатын. Сондай-ақ Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің арнайы сертификатын алған еді. Компания иелігіндегі ұшақтар да халықаралық стандарттарға толық жауап береді деп танылған. Аталмыш комиссияның шешіміне сәйкес «Эйр Астана» АҚ алдағы уақытта да Еуропа елдеріне еш кедергісіз тасымалдауларды жүзеге асыратын болады.