«Эйр Астана» бірқатар бағыттарда қосымша рейстер ұшырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» қосымша Астана-Дубай және Астана-Бангкок рейстерін жүзеге асырмақ.
None
None

«Сұраныстың жоғары болуына байланысты біз 30 желтоқсанда қосымша Астана-Дубай рейсі және 3 қаңтарда қосымша Астана-Бангкок рейсі орындалатынын хабарлаймыз», делінген әуе компаниясының Facebook желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ компания 17 желтоқсаннан бастап Астана-Бангкок бағытындағы рейсті қайта орындай бастамақ.

Соңғы жаңалықтар