10:24, 23 Қараша 2015 | GMT +5
«Эйр Астана» Қазақстанның бірнеше қалаларында әуе рейстері кешіккені туралы хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясы Твиттердегі ресми аккаунтінде ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады.

«Достар, Шымкент, Өскемен, Орал және Қостанай қалаларындағы кей рейстер ауа райының қолайсыздығы салдарынан кешігіп жатыр», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компанияда рейстердің мәртебесін Air Astana-ның ресми сайтында немесе ұялы қосымшадан тексеру ұсынылды.