Ежелгі құстар самғау үшін тістерінен құтылуға тырысқан
АСТАНА. Желтоқсанның 15-сі. ҚазАқпарат - Палеонтологтар қазіргі құстардың кейбір арғы тектері дене салмақтарын жеңілдету және өзіндік ұшу сипаттамаларын жақсарту үшін тістерінен құтылғанын анықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұдан 150 миллион жыл бұрын өмір сүрген ең ежелгі құстардың арғы тектерінің бірінің тістерінің саны өте көп болған. Алайда арада 20 миллион жыл өткеннен кейін Жерде тіссіз құстар тіршілік ете бастаған. Жаңа зерттеулердің аясында ғалымдар қазіргі құстардың арғы тектерінің тістерінен айырылуына не нәрсе мәжбүр етті деген сұрақтың ұштығына шығуға ден қойды.
Палеонтологтардың назарын жасы 22 миллион жылды құрайтын құстардың Zhongjianornis yangi түрі аударды. Осы түрдің, сондай-ақ олардың «әріптестерінің» қалдықтарына жасалған сараптама көптеген тіссіз қарапайым құстардың ұшуға жақсы бейімделгенін көрсетті.Ғалымдар құстардың арғы тектері тістерінен айрылу арқылы бастарының салмақтарын жеңілдеткенін және осылайша денелерінің теңгерімін өзгерткенін анықтады. Бұл өз кезегінде, ұшу сипаттамаларын жақсартуға жағымды әсер еткен.