Ежелгі қытайлық тарихи қайраткердің қабірі табылды

АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Қытай археологтары атақты ежелгі әскери қолбасшы және билеуші Цао Цаоның қабірі табылғанын мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырдың басына жататын қабір Хэнань провинциясының (орталық Қытай) Аньян қаласындағы қазба жұмыстары барысында табылды. Ондағы жазбалар мен суреттер Цао Цаоның қабірі туралы әңгіме болып жатқанын растайды. Бұл саясаткер, қолбасшы және ақын қытай тарихындағы ең салмақты тұлғалардың бірінен саналады. Цао Цао - мыңжылдық жылнамасының әуенімен XIV ғасырда жазылған «Үш патшалық» романындағы қаһармандардың бірі.

Соңғы жаңалықтар